1.03.2022, 18:37
Оқылды: 50

100 жанұяға 300 себет 

Бүгін Орал қаласындағы Достық үйі ұйымдастырған Алғыс айту күніне арналған шаралар «Мұнайшылар» алаңында басталды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты. 

IMG-20220301-WA0042

Алаңда патриоттық әндер айтылып, этномәдени орталықтардың төрағалары мен мүшелері, ерікті жастар және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойып, бір-бірін мерекемен құттықтап, амандық-саулық тілесті.

IMG-20220301-WA0051

– Көктемнің алғашқы күні – еліміздегі ерекше институт Ассамблеяның құрылған күні. Біз – татулығы мығым елміз. Қазақ халқы әуелден кеңпейілді халық. Қазіргі таңда бәріміз ортақ мүдде үшін жұмыс жасап жатырмыз. Тұрақтылық пен келісімді сақтау – басты мақсат. Біз үшін әлемде тыныштық орнағаны маңызды. Осындай шуақты күнде бір-бірімізге шаттық пен қуаныш сыйлай берейік, – деді Бақытжан Хаберұлы.

8db4551f-b53d-4a7c-9eb9-83fad0176203

Өз кезегінде Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков пен этномәдени бірлестік өкілдері де ойларын ортаға салып, ақжарма тілектерін ақтарды.

– Бұл мерекені қазақстандықтар биыл алтыншы рет атап өтуде. Мейрам көпұлтты ел бірлігінің символына айналды. Біз бірлігімізді жоғары бағалап, әркез ауызбіршілігімізді сақтап қалуға талпынуымыз керек. Бейбітшілік болмаса, өмірдің де мәні болмайды. Татулықтан артық ештеңе жоқ, – деді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов. Іс-шара Достық үйінде жалғасты. Аз қамтылған 100 отбасыға әлеуметтік азық-түлік себеттері (әр жанұяға 3 себеттен) таратылды. Себеттерді мекен-жайларға жеткізуге облыстық Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері көмектесті.

6d7370ba-7073-4936-9ace-7f91d3c0108c

«Ассамблея жастары» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің төрағасы Дулат Макатовтың айтуынша, бұл игі шара өзге ұлт өкілдерінің қолдауымен жүзеге асып отыр. «Қайырымдылық керуені» акциясына әр жанұяға 8 мың теңгеден есептегенде 800 мың теңге қаражат жұмсалған.

WhatsApp Image 2022-03-01 at 17.41.18

Ресей Федерациясының Орал қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы Хаджимурат Атмурзаев пен «Бірлік» әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Наджаф Мамедов сөз сөйлеп, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге қашанда дайын екендерін жеткізді.

WhatsApp Image 2022-03-01 at 17.41.19

– Қайырымдылық марафонына көптеген меценаттар және этномәдени бірлестік өкілдері демеушілік білдірді. Біз – бейбітшілікті ту еткен елміз. Осындай игі шаралар халқымызды біртұтастыққа бастайтынына сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қайырымдылық акциялары алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дархан Қадырәлиев.

WhatsApp Image 2022-03-01 at 17.41.17

Қайырымдылық акциясы «Қазақстан – бақыт мекені» атты концертке ұласты. Бұл концерттің ұйымдастырылуына «Атамұра» балалар аула клубы да атсалысқан. Мерекелік кеште өзге ұлт өкілдері өнер көрсетті.

bb988075-6b76-488f-8a14-4b18197d74df

cbcd7538-554c-4b4a-9969-6d788cb2a9e2

d9f32af7-46fd-42eb-b837-bc12b42cea85

– Қаңтардағы оқиға ауызбіршіліктің керек екенін тағы да айқындады. Алғыс айту күні – еліміздегі достықтың айғағы. Арасында жақындарымызды алғыс айтып, қуантып қойған да дұрыс. Мемлекетіміз гүлденіп, татулығымыз нығая берсін! Біз қашанда біргеміз, – деді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Қамбетов.

626b7187-4bdf-4afe-90bb-51278484b128 (1)

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале