1.03.2022, 21:56
Оқылды: 33

Теректіліктер Алғыс айту күнін атап өтті

Алғыс айту күніне орай Теректі аудандық мәдениет үйінде этно-мәдени орталықтардың өкілдерімен кездесу өтті. Оған аудан әкімі Тілек Габдушев, мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, ардагерлер кеңесі төрағасы Білікбай Қазиқанов, ауданның құрметті азаматтары және бірқатар бөлім басшылары мен жастары қатысты.

IMG-20220301-WA0067

Дөңгелек үстелде өрбіген еркін кездесуде этно-мәдени орталықтардың өкілдері қазақ халқына ыстық лебіздері мен алғыстарын білдірді. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұрсәуле Аткеева да ауданның белсенді жастарына ризашылығын жеткізді.

IMG-20220301-WA0068

IMG-20220301-WA0069

Сондай-ақ, ауданның құрметті азаматы Сәлім Қоқашев та ел игілігі үшін қызмет етіп жатырған мамандарға алғысын білдірді.

- Ауданымызда түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен. Барлығы татулықта, бірлікте өмір сүріп жатыр. Күні кешегі «Қасіретті қантар » оқиғасында тыныштық үшін күрескен құқық қорғау саласының қызметкерлеріне, ауыл тыныштығын ойлап жүрген полиция өкілдеріне рақмет. Ынтымақта өмір кешіп, әр атқан таңымызға алғыс білдірейік, - деді өз сөзінде.

IMG-20220301-WA0066

Шара барысында аудан әкімі Тілек Александрұлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің №12 ӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Н.Абдулов, участкелік инспектор, полиция лейтенанты Н.Мырзағалиев, аудандық қорғаныс істер бөлімінің инспекторы, азаматтық персонал Н.Мағзумов, аудандық орталық ауруханасының медбикесі Д.Дүйсекеева, №2 аурухананың дәрігері Ф.Қазбекова, Теректі колледжінің 3 курс студенті С.Әбішев, «Еднання» украин этно-мәдени орталығының жетекшісі Н.Рунова, «Алтын гюль» татар этно-мәдени орталығының жетекшісі Т. Момотқа алғысхат табыстады.

IMG-20220301-WA0072

IMG-20220301-WA0070

IMG-20220301-WA0071

Дөңгелек үстел одан әрі мәдениет үйі қызметкерлерінің дайындаған «Рақмет, саған, туған ел!» атты мерекелік кешімен жалғасты.

IMG-20220301-WA0074

IMG-20220301-WA0075

Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале