Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар украин отбасына билетке ақша жинауға көмектескен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандық Жанар Қадырбекова айтып берді.
Украинадан эвакуацияланған отбасы - екі кішкентай баласы бар әйел Шымкенттің тумасы болып шыққан. Ол екі баласымен 1 наурызда Украинадан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген. Алайда онда Шымкентке жетуге мүлде ақша болмаған. Онда әйелдің ата-анасы тұрады екен.
"Күйеуін елден шығаруға рұқсат бермеген екен, оны енді көрмеймін деп қорқады... Әйел қиын жағдайға тап болған. Қасында екі ұлы бар", - деді Украинадан эвакуацияланған қазақстандық әйел.
Нұр-Сұлтан әуежайында қазақстандықтар әйелге бірден 100 мың теңге жинап берген. Бұл Шымкентке билет алуға және ол жақта орныққанша жеткілікті болады деген мүміт бар. Сондай-ақ, балалардың бірі жолда ауырып қалғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, қазақстандықтар Польшадан оралған тағы бір отбасына қаржылай көмек көрсеткен. Оларға да өз қаласына жету үшін 100 мың теңге жиналған.