4.03.2022, 9:00
Оқылды: 46

82 ойын, 823 гол!

Биылғы маусымдағы футзалдан аудан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бірнеше айға ұласқан тартысты ойындарға аудан орталығынан бөлек, ауылдық округтерден 17 команда 3 лига бойынша сынға түскен болатын.

IMG-20220301-WA0211

Нәтижесінде, 82 ойында 823 гол соғылды.
Жоғары лига бойынша,  "БЖСМ" ІІІ орын, "Райцентр" ІІ орын, "Достар" командасы І орын  еншілесе, бірінші лигадан ІІІ орынды "Бірлік", ІІ орынды "Жосалы", І орынды "Өлеңті" командалары иеленді.
Ал, қызмет лигасында ІІІ орын "Айбын", ІІ орын "Syrym lyceum/college", І орын "Спорт" командасына бұйырып, топ жарды.

   Командалық есепте ерекше ойын өрнегімен оқ бойы озық шыққан үздіктердің де есімдері анықталды.
Әр лига бойынша А.Наурызбаев, А.Қисымов, Е.Шуканов, А.Қыдырсихов "Үздік қақпашы" аталымымен, А.Өтеген, Қ.Мұратов, Д.Әшім, А.Төлеғұлов "Үздік қорғаушы", Р.Балмұратов, М.Кеңес, Ж.Меңдешұлы, Д.Әнесов "Үздік техникасы үшін" марапатталды.

IMG-20220301-WA0206
Сондай-ақ "Үздік шабуылшы" атағына К.Қайыржан, М.Лұқпанов, Н.Кәкім, Т.Еспентаев, Н.Сұлтанов табан тіреп, "Үздік сұрмерген" Д.Мерекеев, Ж.Бауыржан, Н.Мырзахметов,  "Үміт артар спортшы" М.Мәдиұлы, Р.Балмұратов, Б.Қуанұлы, А.Абдрахманов деп танылса, көп ішінен суырылып шыққан М.Ерболатов, Б.Дюсалиев "Үздік ойыншы" атағына ие болып, мықтылықтарын дәлелдеді.

Футзалдың жабылу салтанатында Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сарсенов, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Ихсанов, "Қайсар" спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов арнайы қатысып, жүлдегерлер мен жеңімпаздарға медаль мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале