Чехия үкіметі Украинадан босқындардың көптеп келуіне байланысты төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Radio Prague сілтеме жасап.
Чехия премьер-министрі Петр Фиала төтенше жағдай 4 наурыз, жұма күні басталып, 30 күнге созылатынын мәлімдеді. Қажет болған жағдайда мерзім ұзартылуы мүмкін.
"Украинадан 30 мыңға жуық босқын келді. Олардың біздің елде тұруын тиімді ұйымдастыру үшін үкімет 4 наурыздан бастап төтенше жағдай жариялады", - деп түсіндірді премьер-министр.
Чехияның Ішкі істер министрі Вит Ракусан да Украинадан елге күн сайын 5 мыңға жуық босқын келетінін қосты.