Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес тараптар мән-жайды анықтайтын, құжаттары көрсетілген, татуластыру рәсімін жасайтын, сотқа дейінгі хаттаманы жасауға құқылы.
Орал қалалық №2 сотына талапкер Д.-дан жауапкер сақтандыру компаниясының бағалау есебін жарамсыз деп тану туралы талап арызы түсті. Арыз татуластырушы-судья Бакытгүл Баймагамбетоваға бөлінді.
Талап арыз мәні бойынша азамат Ш. 04.08.2021 жылы көлік басқару құралымен талапкер көлігімен соқтығысқан, аудандық сот азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандыру компаниясымен сақтандырылған азамат Ш.-ны жол-көлік оқиғасына кінәлі деп таныған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан талапкерге материалдық залал келтірілген. Сақтандыру компаниясы көлік құралына 1 205 282 теңге көлемінде қалпына келтіру жұмыстарының шығыны туралы бағалау есебін жасаған, бұл есеппен келіспеген талапкер Д. сотқа қалпына келтіру жұмыстарының шығыны туралы 1 819 044 теңге көлеміндегі есепті ұсынған.
Алдын ала сот талқылауы барысында тараптар сотқа дейінгі хаттама жасап, дауды бітімгершілікпен шешті: жауапкер сақтандыру компаниясы қалпына келтіру жұмыстары 1 750 000 теңге құрайтын жаңадан бағалау есебін жасап, жаңа бағалау есеп бойынша шығынды өтеуге міндеттелді.
Талапкердің бұзылған құқығы қалпына келтірді.
Р.Иманғалиева,
Орал қалалық №2 сотының БАҚ қызметіне жауапты
бас маманы