5.03.2022, 17:40
Оқылды: 54

Мәжілісмендер сапары мәреге жетті

Облысқа жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманжан Жамалов пен Снежанна Имашева құрылыс материалдарын өндіру зауытында болды. Оның жөні де бар. Қазақстанның батыс өңірінде құрылыс материалдары нарығында 15 жыл бойы көшбасшылар сапында келе жатқан «Батыс Қазақстан құрылыс материалдарының корпорациясы» АҚ-ның қырық жылдан астам тарихы бар. Мұнда негізінен силикатты кірпіш, әк, құрғақ құрылыс қоспалары, қуысты бетон, тағы басқа өнімдер шығарылады.

C3EA642F-1FDA-45A9-8E7D-1815562327A6

Осы жылдың үшінші тоқсанында зауытта құны 1,5 млрд теңге болатын №1 кірпіш шығару цехына жаңғырту жұмысы жүргізілгелі отыр. Былтыр 50 млн силикат кір­піш шығарылса, ендігі меже – 80  млн дана. Жалпы, корпорацияда 440 адам болса, соның 200-і аталмыш цехта істейді. Өнімдер ішкі нарықты толығымен қамтуда.  

Иә, зауыттағы негізгі мәселенің бірі экологияға зиян келтірмей, кірпіштің өнеркәсіптік өндіріс көлемін ұлғайту болып табылады. Бұл қосымша газ көлемін қажет ететіні белгілі. Десек те, «ҚазТрансГазАймақ»тың жергілікті газ операторына жолданған ұсынысы қолдау таппай отыр. Ал ол зауыттың экологиялық тұрақтылығына  әсер  етуі  мүмкін.

Өз кезегінде мәжілісмендер бұл жайлы Үкімет отырысында сөз  қозғап, мәселе көтеретіндіктерін жеткізді. Әрі астаналық меймандар құрылыс индустриясына қосып келе жатқан елеулі үлестері үшін кәсіпорынның басшы-қосшысына алда жемісті еңбек тіледі.  

Сонымен, Мәжіліс депутаттары – «Nur Otan» фракциясының мүшелері Аманжан Жамалов, Мәлік Құлшар және Снежанна Имашева облыста болған 10 күнде барлық ауданға барып, жергілікті тұрғындармен 60-тан астам кездесу өткізді. Жиындар санитарлық тәртіпті сақтай отырып, офлайн форматта өтті. Облыс орталығында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылып, оған 70-тен астамқала тұрғыны келді. Онда негізінен тұрғын үй кезегінеқою, мүгедектікті ресімдеу, Ауғанстан мен Таулы Қарабақтағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге жеңілдіктер жасау және балалар үйінен шыққан жандарға жалға берілетін тұрғын үй бөлу мәселелері әңгіме өзегіне айналды. Барлық сұраққа заңнамалық тұрғыда кеңестер беріліп, бірқатары  депутаттардың жеке бақылауына  алынды.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале