Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев ауданның қоғамдық-саяси, мәдени дамуына үлесін қосып жүрген ардагер аналар мен әйел азаматшаларды қабылдап, мерекемен құттықтады.
Мерекелік дастарханға аудан орталығы Жымпитыдан бөлек әрбір округтен зейнетке шыққан ұстаздар, еңбек ардагерлері, көп балалы аналар қатысты.
- Мереке күні арнайы шақырып, елеусіз қалдырмаған аудан әкімдігіне алғысымыз шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, заманымыз бейбіт болсын, - деп ағынан жарылды көп балалы ана Райса Танкишева.
Шолаңқатылық Баян Құбаева мен Тамара Хасанова халық әндерін орындап нағыз мерекелік көңіл-күйдің лебін сездірді.
Одан бөлек, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева мен бірқатар салада жемісті еңбек етіп зейнетке шыққан ұстаздар, аналар аудан әкіміне алғыс айтып, естелік суретке түсті.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы