6.03.2022, 16:00
Оқылды: 62

Қазақстандық гимнаст Катарда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Доха қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы өтті. Қазақстандық гимнаст Милад Карими маңызды стартта күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

185cdae43b074bbdbc959c0361aea02c

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл күндері Дохада (Катар) спорттық гимнастикадан әлем Кубогы кезеңі өтіп жатыр.

Қазақстандық гимнаст Милад Карими маңызды стартта күміс медаль жеңіп алды.

Спортшы қоссырықтағы жаттығуларда бақ сынаған болатын. Ол 14,566 ұпай жинап, қорытынды тізімде екінші орынға тұрақтады.

Бірінші орынды украиндық спортшы Илья Ковтун иеленсе, қола медальді ресейлік Иван Куляк жеңіп алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале