Қазақстандық «Сарыарқа» шайбалы хоккейден құрлықтық кубогы финалдық сатысын екінші орынмен аяқтады.
Аталған турнирдің екінші ойынында қазақстандық клуб Данияның «Ольборг Пайретс» командасын 4:1 есебімен сүріндірді.
Ойын барысында «Сарыарқа» сапынан Сергей Барбашев (4-минут), Степан Грымзин (31-минут), Андрей Яковлев (35-минут) және Никита Аноховский (60-минут) мергендік танытты. Оған даниялық клубтан Йен Эдмондсон (45-минут) бір голмен жауап қайырды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Сарыарқа» бірінші ойынында Польшаның «Краковия» командасына 1:2 есебімен жол берді.
Құрлықтық кубок ойындары 1998 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
2018/2019 жылғы кезеңде қазақстандық «Арлан» (Көкшетау) аталған турнирде жеңімпаз атанды.
Ал 2016/2017 жылғы кезеңде «Бейбарыс» (Атырау), 2017/2018 жылғы кезеңде «Номад» (Нұр-Сұлтан) күміс жүлдеге қол созды.
Сондай-ақ, 2007/2008 жылғы кезеңде «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) үздік үштікті түйіндеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат