7.03.2022, 18:20
Оқылды: 166

Хоккей: «Сарыарқа» халықаралық турнирде екінші орын алды

Қазақстандық «Сарыарқа» шайбалы хоккейден құрлықтық кубогы финалдық сатысын екінші орынмен аяқтады.

220307104545499e

Аталған турнирдің екінші ойынында қазақстандық клуб Данияның «Ольборг Пайретс» командасын 4:1 есебімен сүріндірді.

Ойын барысында «Сарыарқа» сапынан Сергей Барбашев (4-минут), Степан Грымзин (31-минут), Андрей Яковлев (35-минут) және Никита Аноховский (60-минут) мергендік танытты. Оған даниялық клубтан Йен Эдмондсон (45-минут) бір голмен жауап қайырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Сарыарқа» бірінші ойынында Польшаның «Краковия» командасына 1:2 есебімен жол берді.

Құрлықтық кубок ойындары 1998 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

2018/2019 жылғы кезеңде қазақстандық «Арлан» (Көкшетау) аталған турнирде жеңімпаз атанды.

Ал 2016/2017 жылғы кезеңде «Бейбарыс» (Атырау), 2017/2018 жылғы кезеңде «Номад» (Нұр-Сұлтан) күміс жүлдеге қол созды.

Сондай-ақ, 2007/2008 жылғы кезеңде «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) үздік үштікті түйіндеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале