8.03.2022, 12:21
Оқылды: 30

Қос арудың жеңісі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің спортшы қыздары ел чемпионатында топ жарды. 

InShot_20220308_120156448

«Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтының» 2-курс студенттері Анастасия Панасович пен Зейнеп Баянова күрес түрлерінен кіші жасөспірімдер және жастар арасындағы ҚР чемпионатында БҚО құрама командасының сапында өнер көрсетті. Нәтижесінде Анастасия әйелдер күресінен жастар арасында ел чемпионы атанса, Зейнеп 55 келі салмақ дәрежесі бойынша осы жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді.

Аталған спорттық іс-шара Шымкент қаласында өтуде.

 

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале