9.03.2022, 12:50
Оқылды: 37

Әскерилердің баспана мәселесін шешуге бағытталған заң қабылданды

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенаты енгізген өзгерістермен келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220309123629198a3908930i

«Парламент Мәжілісі аталған заң жобасын 2021 жылдың 29 желтоқсанында мақұлдаған болатын. Биылғы 3 наурызда Сенат жалпы отырыс өткізіп, сенаторлар осы заң жобасына келесі екі өзгерісті енгізді: бірінші - әскери қызметшілердің қару қолдануын белгілейтін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының қолданыстағы редакциясының сақталуын, екінші – заң жобасына Мәжіліс тарапынан жаңадан кіргізген 6,1-бабының әскери қызметшілердің дене күшін, жауынгерлік күрес тәсілдерін, арнайы құралдар мен қаруды қолданатынын белгілейтін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заң жобасынан алынып тасталуын. Бұл өзгерістер әскери қызметшілердің құқықтарын реттеу мәселелерінде кешенді тұрғыда келуде қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты. Сенат енгізген түзетулер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді», - деді Мәжіліс депутаты Ерлік Тайжанов.

Осы орайда Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасына Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынды.

Құжатты қарау кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Сенат депутаттары заң жобасын талқылау барысында әскери қызметшілердің құқықтарын реттеу мәселелерінде кешенді көзқарасты қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының қолданыстағы редакциясын сақтау бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Осы орайда құжатты талқылаудан кейін, Сенат енгізген түзетумен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале