10.03.2022, 11:30
Оқылды: 59

Аналар мерекесіне арналды

Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Аруларым - Ардақтым» атты  мерекелік концерт өтті.

2C786E4C-F25F-48FC-9CE6-A48A7910B7FE

Елбасымыз айтқандай, әйел ошағымыздың ұйтқысы, Отанымыздың сақтаушысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің мәйегі.

Күн нұрын төгіп табиғат түрленіп жатқан шақта көктемнің алғашқы жаршысындай көңілдерге қуаныш сыйлайтын 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен аудан әкімі Дархан Закарин құттықтап, барша әйелдер қауымын, аналарды, қыз-келіншектерге ақжарма тілегін білдірді.

DF58A8FE-E5E4-4827-8FCB-9636C433D188

Мерекелік шарада бір топ өнерпаздар мен мың бұралған бишілер өнерлерін көрсетті. Р.Төлегенов, Н.Хамзин, М.Жұмашев, Б.Өтешқалиев  «Ана» композициясын оқыса, С.Баязиев, Ж.Мұсағалиев «Ана, сен бақыттысың», Б.Сағынғалиев «Анашым», Р.Сәрсенов «Incanto», Ж.Мұсағалиев пен М.Сисен «Асыл ана» әндерін тарту етті. Халықтық «Сымбат» би ансамблі «Мерекеге тарту» қазақ биін және Үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі испан биін билеп, көрермен көңілін көтерді.

Белгілі қаламгер Мұхтар Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу әйел - қазақ әйелі. Менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын. Сұлу ғана емес, сымбатты мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі» деп қазақ әйелдеріне мінездеме берген екен. Қай салада болмасын аналарымыз, аруларымыз өз міндеттерін адал атқарып, заман талабына сай, нарық жүгін бір кісідей көтеріп халыққа еңбек етуде. Біз олармен мақтанамыз!

Мерекелік концерт «Гүл сыйлайық анаға» әнімен тәмамдалды.

Арайлым Айденова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале