Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов теңгенің құнсыздануы мен бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы мөлшері қалай өзгереді деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистер Үкімет отырысында министрден теңгенің құнсыздануы мен азық-түлік бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды қайта индекстеу жоспарланып отыр ма деген сауал қойды.
"Заңға сәйкес индекстеу жыл сайын жүргізіледі. Ал биылғы жылы барлық әлеуметтік төлемдер индекстелді. Барлық қабылданған шешімдер негізді және теңгерімді болуы керек. Барлық жағдайды бағалайтын жеке жедел штаб бар. Жағдайға байланысты шешімдер қабылданады. Әзірге бұл мәселе ашық", - деді министр.