10.03.2022, 14:50
Оқылды: 40

Зеленский барлық украиналықтың қару қолдануына рұқсат беретін заңға қол қойды

Бейбіт тұрғындар «Украинаға қарсы қарулы агрессия жасаған тұлғаларға» қарсы қару қолданғаны үшін жауапқа тартылмайтыны айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

fc620e2593b7498d8792f2f98a8fb5b0

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның барлық тұрғындарына әскери жағдай кезінде қару қолдануға рұқсат беретін заңға қол қойды. Оның ішінде аңшылық, спорттық және премиум қарулар пайдалануға болады.

Соғыс жағдайы кезінде Украина азаматтары өздерінің марапаттау қаруын, спорттық қаруды (тапаншалар, револьверлер, винтовкалар, тегіс ұңғылы мылтықтар), аңшы мылтығын, тегіс ұңғылы немесе құрама оқты, сонымен қатар оған арналған оқ-дәріні пайдалана отырып шайқаса алады, - делінген құжатта.

Бұл заң күшіне енді және соғыс уақытының барлық кезеңінде қолданылады.

Еңлік Сақтан
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале