10.03.2022, 16:00
Оқылды: 42

Беларусьте "вДудь" YouTube-арнасының видеосы экстремистік деп танылды

Беларусьте "вДудь" YouTube-арнасының бірқатар ролигі экстремистік материалдар ретінде танылды. Бұл туралы ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бас басқарма өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

3

"Минск қаласының орталық аудандық соты шешімімен Беларусь Республикасы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бас басқармасы материалдары бойынша "вДудь" YouTube арнасының "Комиссаренко...", "Как жить..." және "...главное медиа" секілді өнімдері экстремистік материалдар ретінде танылды", - делінген басқарманың Telegram-каналында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале