10.03.2022, 17:59
Оқылды: 36

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу жеңілдіктері мен басымдықтары қайта қаралады

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу жеңілдіктері мен басымдықтары қайта қаралады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық әктілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында осындай жаңашылдық бар, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

10

«Жаңа тәсілдер мен тұрғын үйді бөлудің әділ қағидатын енгізуге байланысты азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудағы қолданыстағы жеңілдіктер мен басымдықтарды қайта қарау ұсынылады.

Мәселен, қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың белгілі бір санаттарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз алу көзделген.

2019 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беретіндігін атап өту қажет. Осыған байланысты азаматтардың барлық санаттары үшін өтеусіз жекешелендіру құқығын алып тастау ұсынылады», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді сатып алу құқығымен алған, бірақ өтеусіз жекешелендіру құқығын пайдаланбаған азаматтар заң жобасы қабылданғаннан кейін де өз құқықтарын сақтайтынын атап өтті.

«Бұл ретте тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіру тетігі өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың белгілі бір санаттарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқық, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін тұрғын үйдің жалпы санының кемінде жиырма пайызын бөлу көзделген», - деді Еркебұлан Дауылбаев.

Оның мәліметі бойынша, қазір Қазақстан бойынша 140 мыңға жуық бірінші кезекте тұрғын үй алу құқығы бар азамат бар.

«Әзірленген заң жобасы шеңберінде тұрғын үй саясаты санаттық тиесіліліктен бас тартып жатыр. Тұрғын үйді бөлу азаматтарды есепке қою күні және олардың кірістері қағидаты бойынша жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты барлық кезекте тұрғандар арасында тұрғын үйді бөлуге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді енгізу арқылы қолдаңыстағы жеңілдіктерді қайта қарау ұсынылады», -деді вице-министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале