11.03.2022, 16:10
Оқылды: 27

Шешенстан билігі коронавирусқа қатысты барлық шектеулерді алып тастады

Шешенстан билігі республикадағы коронавирусқа қатысты барлық шектеулерді алып тастады. Бұл туралы аймақ басшысы Рамзан Қадыров мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

b431a1ee48044d4c98471bb544fa7a51

Шешенстанда коронавирусқа байланысты енгізілген барлық шектеулер алынып тасталды. Соның ішінде республикада бетперде кию режимі жойылды. Рамзан Қадыровтың сөзін Instagram желісінде Үкімет төрағасының орынбасары Елхан Сүлейманов жариялады.

-COVID-19 таралуы бойынша жағдай қолайлы, келіп түскен науқастардың саны бірлікпен есептеледі, ал кей күндері науқастар мүлде жоқ. Сырқаттанушылық нөлге тең, тек бірнеше пациенттер реанимация бөлімдерінде жатыр. Сондықтан мен COVID-19-мен күресу үшін енгізілген барлық шектеулерді алып тастауды шештім, - деді Рамзан Қадыров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале