«Әлемдегі соңғы жағдайлар теңге бағамына қатты қысым жасады. Ол сіздерге жақсы мәлім. Валюта нарығындағы тұрақсыздық капиталды көлеңкелі трансшекаралық ағындар арқылы сыртқа шығарумен байланысты. Сондықтан, қаржы саласында сырттан сатып алушылардың да әсерінен туындаған спекулятивтік сұранысты төмендету керек», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, ол елдегі ірі компаниялардың шетел валютасын сатып алуы да бақылауда болатынын ескертті
«Алдыңғы күні мен валютаны шетелге әкетуді шектеуге мүмкіндік беретін арнайы Жарлыққа қол қойдым. Ірі институционалдық ойыншылар шетел валютасын өзінің келісімшарт міндеттемелерін орындау аясында ғана сатып алуы керек», - деді Президент.