16.03.2022, 15:40
Оқылды: 21

Қазақстанда қоғамдық кеңестердің құрамы мен жұмысы түбегейлі жаңарады

Елімізде қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспары мен құрамы қайта жаңарады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Без названия (3)

«Біз елімізде азаматтық белсенділікті жандандыруымыз керек. Мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашуымыз қажет. Сол себепті орталық және жергілікті органдардың квазимемлекеттік секторының жанындағы қоғамдық келісімдерді дамытып жатырмыз. Мен бірнеше рет олардың қызметіне қатысты сын айтқан болатынмын. Дегенмен бұл кеңестердің орасан зор институционалдық әлеуеті бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, қоғамдық кеңестер жұмысының аясын кеңейту қажет.

«Биыл менің бастамам бойынша қоғамдық кеңестердің құрамы яғни жұмыс жоспары түбегейлі жаңаратын болады. «Келісіп пішкен тон, келте болмас», деген нақыл сөз бар. Бабаларымыз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді, бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаған. Ұлытауда, Ордабасы мен Күлтөбеден өткен ұлы басқосулар соның айқын дәлелі. Келелі жиында айтылған, қисынды сөзге алты Алаштың баласы түгел тоқтаған», - дейді ол.

Суреттің дереккөзі: astana-aqshamy.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале