16.03.2022, 16:59
Оқылды: 10

Өңірлерді қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қарау керек – Мемлекет басшысы

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тікелей қаржыландыру тетігін енгізу керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200415124315857e

Президенттің айтуынша, өңірлерді қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қарау керек. Қазіргі кезде ауылдық округтер жоғары тұрған әкімдерге толықтай тәуелді және қалдық қағидаты бойынша қолдауды алады. Осы орайда әкімдерді сайлауды енгізуді ескере отырып, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тікелей қаржыландыру тетігін ендіру жөн болады.

Бұл тұрғыда олар елеулі ресурстарға ие бола отырып, жағдайға ықпал ете алады және оларға жауапкершілік жүктеледі.

«Осы мәселе бойынша барша дайындық жұмысын биылдың ортасына дейін аяқтау керек», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, Президент нақты құзыреттерді орталықтан өңірлерге беру қадамдары жалғасатынын айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале