16.03.2022, 14:40
Оқылды: 11

Әр жаңашылдық жаңа қадам

Ел Президентінің жаңа Жолдауы ұлттың рухын көтеру мәселесі мен саяси реформаларды жетілдіруге бағытталғаны көрініп тұр. Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы жаңа өңірлердің экономикалық тұрғыда дамуына жол ашып, сол жердегі халықтың әл-ауқатын көтеруге оң серпін берері сөзсіз.

Шканов Б

Оның үстіне Қапшағай қаласына Дінмұхаммед Қонаев бабамыздың есімін беру туралы ұсыныс түскен жағдайда қала аты да өзгереді. Бұл да халықтың көкейінде жүрген мәселе болатын. Білікті саяси тұлғамызды ұлықтауға бағытталған оң шешім.

Сонымен қатар Президент өкілеттілігін реттеу мен Парламент палаталарындағы депутаттар санын оңтайландыру жайы да саяси жүйені біртіндеп өзгеріске әкеліп соғады деген сенім ұялатады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру оның басты міндеттерінің бірі екенін ерекше атап өтті. Азаматтық қоғам қалыптастырып, елімізді тиімді әрі халық үніне құлақ асатын мемлекетке айналдыру – Президенттің ғана емес, барша отандастарымыздың да міндеті. Сондықтан да әр жаңашылдықты жаңғыру және жаңа Қазақстан құру жолындағы қадам деп түсінген абзал.

Бекболат Шканов,

Бәйтерек аудандық мәслихат депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале