Бүгін Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадым. Негізінен Жолдауда кешегі қаңтар оқиғасында орын алған келеңсіз оқиғаларға талдау жасалып, Президент бірқатар ұстанымдарын айтты.
Жаңадан құрылған Абай облысы орталығы Семей қаласы, Ұлытау облысы орталығы Жезқазған қаласы, Жетісу облысы орталығы Талдықорған қаласы және Алматы облысы орталығы Қапшағай қаласы халқын қызу құттықтаймын. Ондағы енді әлеуметтік-экономикалық жағдайы дамитын болады. Сонымен бірге жергілікті өзін- өзі басқарудың дербестігі туралы айтылды. Негізінен ауыл әкімдері өз ішіндегі шаруаны тұрғындармен бірлесіп шешуге бұрыннан да мүмкіндігі бар, бірақ қаражаттың тапшылығынан жоғары тұрған бюджетке тәуелді етті. Сондықтан бизнес өкілдері, жергілікті депутаттар аумақтың дамуына әкіммен бірігіп жұмыс істеу керек. Жалпы Жолдауда жақсы мәселелер қозғалды. Саяси партиялар мен тіпті Президенттің тума-туыстарына қатысты шектеулер де айтылды. Енді жұмылып Жаңа Қазақстан үшін аянбай еңбек етейік.
#NewKazakhstan #CCS
Гүлнар Шамғонова,
Бөрлі аудандық экономика бөлімінің басшысы