16.03.2022, 21:31
Оқылды: 45

Халықты азық-түлікпен қамту басты назарға алынды

Президенттің Жолдауында қоғамдық жаңғырудан бастап, экономиканы дамыту жөніндегі жаңа мақсат-міндеттер айтылды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін орынды қозғады. Азық-түлікті қалыптастыруда ауыл шаруашылығының маңызы зор.

Казамбаева фото

Жолдауда осы саладағы өндірісті дамыту туралы айтты. Әрине, ауыл шаруашылығын қалыптастыру Қазақстан үшін қиын емес. Себебі біздің мемлекет – аграрлы ел. Қажет ресурстардың барлығы жеткілікті.

Біздің университет те осы бағытта жұмыстануда. Аграрлық сала мамандарын дайындаумен қатар,  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қажетті қызметтермен қамтамасыз етіп отыр. Биылдан бастап ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасымен жұмыстануда. Диқандарды тұқыммен қамтамасыз етуде. Асыл тұқымды малды қалыптастыру бағытанда да қызмет көрсетіледі. Мұны неге айтып отырмын? Себебі қазір ауыл шаруашылығын экстенсивті жүйеден интенсивті жүйеге көшіруіміз керек. Яғни жаңа технологиялар арқылы ресурстарды тиімді пайдалана аламыз. Ол – жер, табиғат, капитал, еңбек ресурстары. Сондықтан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ғылымның жаңа жетістіктерін пайдаланса, көп пайда тауып, өнім өндіру уақытын қысқартып, шығындарын азайтады. Қазір жер жоқ, су тапшы деп жиі айтамыз. Осы мәселені шешу үшін неге жаңа технологияны пайдаланбаймыз? Мысалы, өсімдік шаруашылығында ылғалды сақтайтын технологиялар бар. Осындай озық әдіс-тәсілдер арқылы 5 гектардан алатын өнімді 1 гектардан алуға болады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер университеттің ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істейтін болса, олардың еңбек өнімділігі 10 есе артады.

Айгүл Қазамбаева, 

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылым басқармасының басшысы, экономика ғылымының кандидаты

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале