18.03.2022, 11:50
Оқылды: 27

Министр «Халық қатысатын бюджеттің» функционалы қалай кеңейтілетінін айтты

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Халық қатысатын бюджеттің» функционалы қалай кеңейтілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220318094334280e

«Жолдауға сәйкес «Халық қатысатын бюджеттің» функционалын кеңейту арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тікелей қаржыландыруды енгізу мәселесі де енгізілетін болады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл істе жергілікті мәслихаттардың өкілеті кеңейеді.

«Бұл ретте мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мақсатында оларға халық қатысатын бюджеттің қаражатын бөлу жөніндегі функциялар бекітілетін болады. Шын мәнінде оны ауылдық округтер арасында нақты жобаларға бөлетін «қор» деуге болады. Бұл жобаларды жергілікті қоғамдастықтың ұсыныстары бойынша ауыл әкімдері қалыптастырады», -деді Әлібек Қуантыров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале