- Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі және Ресеймен арадағы келіссөздерге қатысушы украин делегациясының мүшесі Михаил Подоляк поляк басылымына берген сұхбатында Wiadomości РФ президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі келісім бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін, алдағы апталарда болуы ықтимал екенін мәлімдеді.
- Украина СІМ басшысы Кулеба түрік әріптесі Чавушоглумен келіссөздер барысында Ресей Федерациясы мен Украина президенттерінің кездесуін ұйымдастыруға күш жұмылдыруға келіскенін айтты.
- Чехия премьер-министрі Петр Фиала өз елінің Украина босқындарын қабылдауға дайын еместігін мәлімдеді.
- АҚШ күштері Украинада соғыс жүргізбейді және әуе кеңістігінде ұшуды болдырмайтын аймақ құру дәл осыны байқатады, - деді Пентагон басшысы.
- Байден: АҚШ осы аптада Украинаға қорғаныс саласына деп 1 миллиард доллар көмек береді, оған 800 зымыранға қарсы кешен жүйесі және 9 мың танкке қарсы кешен, дрондар, 7 мың атыс қаруы, 20 миллион оқ-дәрі кіреді.
- БҰҰ Халықаралық соты Ресей Украинадағы әскери операцияны тоқтатуы керек деп қаулы шығарды.
- Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей тарапы бұл талаптарды назарға ала алмайтынын айтты. Оның айтуынша, Халықаралық сотта "тараптардың келісімі" деген түсінігі бар, бірақ бұл жерде қандай да бір келісімнің болуы мүмкін емес.
- НАТО Бас хатшысы Столтенберг аталған ұйымға мүше елдер Украинаға әскери және қаржылық көмек көрсетуді жалғастыру туралы шешім қабылдағанын айтты.
- Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Ресей Федерациясына қатысты барлық шағымдарды қарауды тоқтатты.