18.03.2022, 16:50
Оқылды: 55

Елімізде 27 келісімшарт бойынша кен орындары игерілмей келген

Елімізде кен орындарын игеру міндеттемесі орындалмайтын 27 келісімшарт анықталды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2

«Президенттің 2022 жылғы 21 қаңтардағы қазақстандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасы аясында министрлік пайдаланылмайтын кен орындарына тексеру жүргізді. Жұмыс нәтижесі бойынша бүгінгі таңда міндеттемелер орындалмайтын 27 келісімшарт бар екендігі анықталды», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, министрлік 3 келісімшарттың қолданысын тоқтатты.

Қалған 24 келісімшарт бойынша бір айдан үш айға дейін жою мерзімімен келісімшарттық міндеттемелердің бұзылғаны туралы хабарлама жіберді.

«Вице-министр Асхат Хасеновке жер қойнауын пайдаланушылар өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, осы кен орындарын игеруге қабілетті инвесторларға одан әрі беру үшін аумақты қайтаруды тапсырамын», - деді Болат Ақшолақов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале