18.03.2022, 17:40
Оқылды: 51

Елімізде газбен жүретін көліктің саны қанша

Елімізде газбен жүретін көлік саны артып келеді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19

«Сұйытылған мұнай газын өндіру 2021 жылы 3,17 млн тоннаны құрады. 2022 жылға арналған жоспар – 3,2 млн тонна. Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын негізгі тұтынудың 60 пайыздан астамы автокөлікке тиесілі. 2019 жылдан бастап сұйытылған газға ауыстырылған автокөлік саны 2021 жылға қарай 2,2 есеге өсіп, 310 мыңнан асты», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және газ саласындағы ұлттық оператормен бірлесіп, саланы «қайта жүктеуге» бағытталған газ саласын дамытудың Кешенді жоспарын әзірлеп жатқанын айтты.

«Кешенді жоспардың жобасы мынадай іс-шараларды қамтиды. Бірінші - Геологиялық барлау, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған және жаңа кен орындарында газ өндірудің жаңа жобалары есебінен газдың ресурстық базасын ұлғайту. Екінші,министрлік газға баға белгілеудің жаңа моделі бойынша жұмыс жүргізуде, мұнда қазақстандық газ ресурстарының шектеулілігі және коммерциялық тұтынушылардың бағасын нарықтық баға деңгейіне дейін көтеру ескерілуі тиіс. Үшінші, негізгі газ тасымалдау инфрақұрылымы негізінен Кеңес заманында салынған және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін үлкен инвестицияны қажет етеді. Газ тасымалдау инфрақұрылымының жай-күйіне техникалық аудит жүргізу, сондай-ақ қаржыландыру көздері мен инвестицияларды қайтару тетіктерін айқындау қажет. Төртінші, тТұрақты газдандыруды жалғастыру үшін газдандырудың бас схемасы өзектендіріледі, газдандыру объектілерін ұлттық оператордың теңгеріміне беру қағидалары жеңілдетіледі», - деді Болат Ақшолақов.

Оның дерегінше, бұл іс-шаралардың қабылдау қабылдау 2030 жылға қарай тауарлық газ өндірісін 42 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға; газ инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға; халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бағаны ұстап тұруды ескере отырып, баға белгілеудің қажетті моделін белгілеуге; елді газдандыруды 65 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале