19.03.2022, 17:00
Оқылды: 57

Шыңғырлауда ашық әкімдік өтті

Бүгін Шыңғырлау ауданы Алмаз және Ақшат ауылдық округтерінде "Ашық әкімдік" өтті. Аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова және мекеме, бөлім басшылары тұрғындарды алдын ала жазылусыз қабылдап, өздерін толғандыратын сұрақтарына толыққанды жауап берді. 

IMG-20220319-WA0049

Қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін, сапасын қамтамасыз етуге бағытталған бұл сұхбат алаңында ауыл тұрғындары сұрақтарымен тиісті сала мамандарына жақындап, заң аясында шешу жолдарын білді.

IMG-20220319-WA0005

Келушілердің басым көпшілігі жер телімдерін алу, мемлекеттік грантқа қол жеткізу секілді мәселелермен келген.

IMG-20220319-WA0000

Аман Ізмұхан, 

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале