Ауданда саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздар қауымына құрмет көрсету дәстүрге айналғалы қашан. Бүгін жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 5 "Г" сыныбының оқушылары ардагер ұстаз Мәншүк Сильбаеваның үйінің маңдайшасына арнайы тақтайша орнатты.
Ауданда өзіндік орны бар Мәншүк Қалиханқызы бастауыш сынып мұғалімі қызметінен зейнеткерлікке шыққан.
Бір қызығы, тақтайшаны арнайы бір мекемелер емес, аталмыш сыныптың тәлімгері Роза Усанованың бастамасымен, оқушылардың ата-аналарының қолдауымен жүзеге асқан.
Шәкірт құрметіне бөленген ұстаз дән риза көңілде Р.Усанова мен ата-аналарға алғысын білдірді.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz