21.03.2022, 21:26
Оқылды: 99

Мереке қарсаңындағы құрмет

 

Ауданда саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздар қауымына құрмет көрсету дәстүрге айналғалы қашан. Бүгін жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 5 "Г" сыныбының оқушылары ардагер ұстаз Мәншүк Сильбаеваның үйінің маңдайшасына арнайы тақтайша орнатты.

IMG-20220321-WA0154

Ауданда өзіндік орны бар Мәншүк Қалиханқызы бастауыш сынып мұғалімі қызметінен зейнеткерлікке шыққан.
Бір қызығы, тақтайшаны арнайы бір мекемелер емес, аталмыш сыныптың тәлімгері Роза Усанованың бастамасымен,​ оқушылардың ата-аналарының қолдауымен жүзеге асқан.
Шәкірт құрметіне бөленген ұстаз дән риза көңілде Р.Усанова мен ата-аналарға алғысын білдірді.

А.Амангелдина, 

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале