Наурыз мейрамы қарсаңында облыс әкімі Ғали Есқалиев бір топ қоғам белсендісін марапаттады.
– Қоғамдық іс-шараларға белсенді атсалысып келесіздер. Азаматтық ұстанымдарыңызға алғыс білдіремін. Еліміздегі татулық пен тұрақтылықты сақтауға зор үлес қостыңыздар. Бейбіт өмір сүрген халық барлық қиындықты еңсере біледі. «Бір жағадан қол, бір жеңнен бас шығарып», билік пен қоғам арасына көпір болып жүре беріңіздер. Наурыз мейрамы құтты болсын. Жаңа жыл жақсылыққа толы болсын, – деді Ғали Есқалиев.
Әкіммен кездесуде ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабыралиев пен «Бөрлі-Казбат» ҚБ төрағасы Әлішер Ашурматов «Құрмет» орденімен, «Назар аудар» театрының әртісі Азамат Әленов пен «Ағайын» ҚБ төрағасы Арман Биғалиев «Шапағат» медалімен, «Дәдем ата» ҚҚ төрағасы Ғарифолла Жанбозов пен тарихшы-археолог Мұрат Қалменов Құрмет грамотасымен марапатталды.
Нұртай Текебай,
zhaikpress.kz