Осы күндері Таиландта байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Спортшыларымыз 1000 метр қашықтыққа қос байдаркамен есуден жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Бағдарламаның бұл түріне ел атынан Александр Емельянов пен Кирилл Тубаев қатысты.
Екінші орын Өзбекстан елінің ескекшілеріне бұйырды. Үздік үштікке сондай-ақ Иран спортшылары кірді.