25.03.2022, 20:22
Оқылды: 48

«Жолдау – жаңару мен жаңғырудың айқын бағыттары»

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық алдында уақытынан бұрын жасаған кезекті Жолдауы ағымдағы жылдың 16 наурызында орын алды. «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» деп аты айтқандай мемлекет басшысы ел өмірінің жаңаруы мен жаңғыруы жолына тың серпіліс беретін негізгі өзгеріс қажет бағыттарды қазықтай қадап айтып берді.

IMG-20220325-WA0028

Жолдаудың басында Президентіміз қаңтардағы қайғылы оқиғалар туралы береке бірлігімізді сақтамасақ, осыған дейін жеткен жетістіктерімізден де айрылып қалуымыздың мүмкін екендігін, халқымыз татулық пен тұрақтылықтың, тыныштық пен бейбітшіліктің қаншалықты маңызды екенін жете түсінгенін айтып өтті.

Сол кездегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері туралы тоқталып:«Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшінтқасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді. Отан алдындағы антына адал болып, мемлекетімізді жанқиярлықпен қорғады. Мен сын сағатта қатерге қаймықпай қарсы тұрған тәртіп сақшыларына ризашылық білдіремін» деді.

Соның ішінде Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер оның сараланғаны мен салмақтысы болды. Президентіміз алдағы уақытта ешқандай саяси партияларға мүше болмайды және басқармайды және оны заң жүзінде іске асыруды ұсынды. Осы тұста қазір барлығы Президентке келіп тірелетінін, бұл бағыттың қателігін және бұдан бас тартуымыздың қажеттігін басып айтты. Ал облыстар мен аудандардың әкімдері жергілік басқару органдарының ұйымдастырушы бас менеджерлері болып қалады. Бұл еліміздің басқару жүйесіне жаңа стратегиялық басымдылық әкелетіні сөзсіз.

Басқару жүйесіндегі  Парламенттің рөлін жоғарылату негізінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын нақты іске асыруға жол ашатынын айтты.

Қазақ халқының тарихында жалпы құрылтай сөзінің мәні ерекше. Себебі елдігіміздің ауқымды мәселелері қаралатын бұл жиынға қарапайым халықтан бастап, биліктің, әртүрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері толық қатысып, түйткілді мәселелердің түйінін кең талқылауға салып шешкен.

Президентіміздің Ұлттық құрылтай құру идеясы да осы мақсатты айқындады. Ал Конституциялық сот құрудағы басты бағыт ол – әділ әрі құқықтық  мемлекеттік құру жолындағы негізгі қадамдарының бірі және ол адамдардың конституциялық қорғалуын жақсарта түсетінін жеткізді.

Сонымен қатар елімізде пайда болатын жаңа облыстар Абай, Жетісу, Ұлытау аймақтардағы инфрақұрылымның жаңаруына кең жол ашып беріп қана қоймай, тарихи өлкелеріміздегі ұлылар мен зиялыларымыздың ұлағатты мұрасын терең танып білуге мүмкіндік береді.

Біз Ұлттық ұлан жауынгерлері Отанымыздың ішкі тыныштығын қорғаушы, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуші құқықтық тәртіп әскері ретінде мемлекет басшысының салихалы саясатын, еліміздің жаңаруы мен жаңғыруы жолындағы бастамаларының батыл қолдаушысы боламыз.

Қазақстан Республикасы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары  

полковник Бақыт Алазов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале