28.03.2022, 13:05
Оқылды: 53

Дернәсілмен күрес дер кезінде жүргізілуі тиіс

БҚО әкімі аппаратының кеңесінде шыбын-шіркейге қарсы күрес мәселесі талқыланды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Ғұбайдуллиннің мәліметі бойынша, 2021-2023 жылдарға арналған профилактикалық дезинсекция жүргізуге конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша «Магтоксин» ЖШС-мен 291 200,0 мың теңгеге  келісімшарт жасалды. 2021 жылғы келісімшарт бойынша бюджеттен 93 306,0 мың теңге бөлініп, Орал қаласы және қалаға жақын орналасқан елді мекендердің 13 мың га аумағы өңделді. Биыл да дәл осындай қаражатқа шыбын-шіркей мен дернәсілге қарсы жоспарлы жұмыс жүргізілетінін хабарлады. Облыс әкімі Ғали Есқалиев дезинсекция сапасын көпшілік жиі сынайтынын айтты.

WhatsApp Image 2022-03-28 at 11.47.55

– Былтыр мердігер улау жұмысын кеш жүргізді. Сәуір айында ауа райы күрт ысыған кезде дернәрсілдерді дер кезінде жойылмады. Шыбын-шіркей мен маса әбден қанаттанып ұшып шыққаннан кейін қала аумағын өңдеу айтарлықтай нәтижелі бола қоймайды. «Магтоксин» ЖШС техникаларын жаңартты, қажет құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Қалалық саябақ, саяжай аумағын, өзен-көл жағасын өңдеуді күн жылынған кезде бірден бастау керек, – деді Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков. Басқарма басшысы Асқар Ғұбайдуллин шыбын-шіркейді дернәсіл күйінде өңдеу үшін биологиялық ларвицид – бактицид препараты, екінші кезеңде «Агран» препаратын қолданылатынын айтты. Бригадалар шыбын-шіркейді улауға аэрозольды бүріккіші бар техника – САХ-5 жел генераторы мен «ГАРД» аэрозольді реттелетін дисперсиялық генераторды пайдаланады. Облыс әкімі Ғали Есқалиев мердігер жұмысын уақтылы тексеру керектігін атап өтті.

WhatsApp Image 2022-03-28 at 11.47.54

– Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы профилактикалық дезинсекция жұмысының тиімділігін тексеруге қоғамдық кеңес, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етсін. Әсіресе, адамдар шоғырланатын жерлерге препараттарды көбірек шашу керек. Мүмкін, ешкім аяқ баспайтын орман алқаптарын өңдей беру нәтиже бермей жатқан шығар. Дезинсекция жұмысы мен жауапты мердігер туралы барлық ақпаратты БАҚ беттерінде тұрақты түрде жариялап отырыңыздар, – деді Ғали Нәжімеденұлы. Облыс әкімі аппаратының кеңесінде облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Жұмабек Батырниязов «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында атқарылған жұмыс туралы баяндады.

WhatsApp Image 2022-03-28 at 11.47.56

Басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылы мемлекеттік бағдарлама ауқымында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 4,8 млрд теңге толық игерілді. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 1,7 млрд теңге қарастырылған. Былтыр бағдарлама аясында жастарға арналған гранттар беруге республикалық бюджеттен 39 млн теңге бөлінді. Qoldau.kz электронды порталы арқылы 2021 жылдың қыркүйек айында өткен конкурс нәтижесінде жалпы сомасы 162,2 млн теңгеге 35 жоба мақұлданды. Қазіргі кезде 39 млн теңгеге 8 жоба қаржыландырылды. Өткен жыл қорытыңдысы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесі 31,1 млрд теңгенің 261 жобасын мақұлдап, 26,8 млрд теңгенің 258 жобасы қаржыландырылды. «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жалпы сомасы 500 млн теңгеге 46 шағын несие берілді.

WhatsApp Image 2022-03-28 at 11.47.57

– Қазіргі уақытта геосаяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты көптеген мәселеге бетпе-бет жолығуымыз мүмкін. Сондықтан көктемгі егістік жұмысын жоспарланған деңгейде жүзеге асыруға күш салуымыз керек. Оған қосымша басқа да бизнес тетіктерін жандандандыру назардан тыс қалмауы тиіс. Мемлекеттік бағдарламалар ауқымында ұзақ мерзімге берілетін жеңілдетілген несиені рәсімдеу тәртібін көпшілікке ұғынықты жолмен жеткізген жөн. Жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшылары мемлекеттік қолдау туралы нақты ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты қала мен ауыл арасында сабылып әуре-сарсаңға түсетіндерін, мекемелер есігін тоздырып уақыт жоғалтатындарын айтып жиі шағымданады. Жауапты құрылымдар мембағдарламалар тиімділігін жүйелі түсіндіруге көңіл бөлуі тиіс, – деді Ғали Есқалиев.

WhatsApp Image 2022-03-28 at 11.47.59

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале