29.03.2022, 15:30
Оқылды: 57

Теректілік таланттарды қабылдады 

Теректі ауданы жас өнерпаздарды қолдаудан шаршамайды. Күні кеше QАZAQSTAN ұлттық арнасында тұсауы кесілген жоба «Қазақстан дауысы балалар — 2022» республикалық байқауына ауданның жас жұлдыздары Сұлтан, Бейбарыс Ғарифуллиевтер қатысқан болатын. 

IMG-20220329-WA0037

БҚО атынан шығып, өз өнерлерін көрсеткен жерлестеріміз аз уақыттың ішінде «көрермен көзайымына» айналып үлгерді.

IMG-20220329-WA0034

Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев мәжіліс залында жас таланттарды қабылдады. Қос батырдың ата-анасы Замир-Гүлнара Қабиевтер көпбалалы жанұя. Екі ұлынан бөлек бір қыз бен бір ұлы бар. Төртеуі де өнерден құр алақан емес, көпшіліктің алдында өсіп келеді. Өз өнерін көрсеткен Томирис Замирқызы қылығымен бәрін аузына қаратты.

IMG-20220329-WA0031

Балаларын өнерге баулып жүрген ата-анаға аудан әкімі өз алғысын арнайы хатпен жеткізіп, сыйлығын да табыстады.

IMG-20220329-WA0036

Сондай-ақ, облыстық мәдениет басқармасының өкілі Олжас Сейтимов арнайы келіп, бүлдіршіндерге алғысхат ұсынып, әрмен қарай  шығармашылық табыс тіледі.

IMG-20220329-WA0032

Қос Ғарифоллиевтерді өнерге баулып жүрген ұстазы, мәдени-демалыс орталығының вокал үйірмесінің жетекшісі Гүлназ Құсайновағада айтылған тілек көп-ақ. Білім бөлімі басшысы Ж.Хұсайнова, мәдениет және спорт бөлімі басшысы Л.Сердалиева, ішкі саясат бөлімінен Р.Сатыбалдиев, «Теректі жаңалығы» газетінің редакторы Ә.Орынбасаровтар да аудан намысын түрлі додаларда қорғап жүрген өнерлі балаларға ізгі тілектерін жолдады.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале