Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаты Константин Авершин ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Константин Авершин.
Сонымен қатар жалпы отырыста палата депутаттары К.Авершинді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамын сайлады.
Бұған дейін «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Константин Авершинге берілгенін хабарлаған едік.