4.04.2022, 9:10
Оқылды: 46

Ұлыбританияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрі анықталды

Ұлыбританияда коронавирустың жаңа мутацияланған түрі анықталды. Шанхайдың 26 млн тұрғыны коронавирус антиденелеріне анализ тапсыруға міндеттелді. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220128210532178e

Ұлыбританияда коронавирустың «омикрон» штамының жаңа мутацияланған түрі – ХЕ анықталды. Сарапшылардың пікірінше, ХЕ алдыңғы нұсқаларға қарағанда қаншалықты жұқпалы екендігі туралы қорытынды жасау әзірге ертерек. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігі жаңа нұсқаны зерделеуде. Әзірге сарапшылар бұл мутацияны жұқтыру қарқыны «стелс-омикрон» немесе «омикрон» BA.2 түрінің таралуынан айтарлықтай ерекшеленбейтінін атап өтті. Алайда, соңғы зерттеулер бойынша XE-дің жұғу жылдамдығы «стелс-омикронға» қарағанда 9,8% жоғары.

3 сәуірде Шанхай билігі шамамен 26 миллион халқы бар қаланың барлық тұрғынын антиденелердің бар-жоғын тексеруге және анықталған оң нәтижелер туралы жедел хабарлауға міндеттеді. Дүйсенбіде азаматтар вирустың бар-жоқтығын анықтау үшін ПТР тестіні тапсыруы керек.

Журналистердің айтуынша, қалада коронавирус инфекциясының көптеген жағдайлары симптомсыз болып табылады. Жалпы, континенталды Қытайда соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың клиникалық белгілері бар 1506 және симптомсыз 11 781 дерегі анықталды. Барлығы да вирустың ел ішінде тараған жағдайлары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале