Бәйтерек ауданы Калинин ауылында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 2007-2008 жылдары туған жасөспірім футболшылар бас қосып, аудандық чемпионы атағын сарапқа салды.
Қызықты жарысқа Асан, Белес, Дариян, БЖСМ-1, БЖСМ-2, Көшім, Погодаев, Чувашка командалары қатысты. Қызықты ойын өрнегін ұсынған жас футболшылар көрермен көңілін қалдырмады. Қорытындысында үшінші орын БЖСМ-2, екінші орын Белес командасына бұйырса, аудан чемпионы атағын БЖСМ-1 командасы жеңіп алды.
Одан бөлек, әр позицияда өзін жақсы қырынан көрсете алған ойыншылар да марапатталды. «Үздік ойыншы» номинациясымен Алдияр Кабдыкаиров марапатталса, «Үздік шабуылшы» Абылай Кәрім, «Үздік қорғаушы» Ерасыл Жолдығали, «Үздік қақпашы» номинациясымен Ғабдулла Ғабдуллин марапатталды.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерге және үздік ойыншыларға ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын табыс етті.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz