Бұдан бұрын кітапханашылардың біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін анықтауда және кітапханалық қызмет түрлерімен жұмыстарын көрсетуде апталық өткен болатын. Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінің фойесінде апталықтың екінші бөлімі жалғасын тауып, Балалар жылына орай, балалар ақын, жазушыларының әдебиеттерін насихаттауда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ауылдың кітапханалары арасында «Дастархан FEST» фестивалінің тәтті көрмелерінің ашылу салтанаты оздырылды.
Шараны аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев ашып: «Бүгінде рухани мәдени байлығымызды көпшілік оқырманға, ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпақтарға жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырмандарына таныстырып, табыстаушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашылар. Жыл соңына дейін созылатын фестивальдің қатысушыларына сәттілік тілеймін», - деді. Әрмен қарай «Ақмаржан» халықтық би тобының бишілері фестиваль шымылдығын ашты.
Ең алғаш болып Күйгенкөл ауылдық модельді кітапханасы апталық пен фестиваль аясында «Балалық шақ кітаппен» және «Кітапханалық кәмпиттер» атты көлемді тәтті кітап көрмелеріменбастады. Кітап көрмесін аталмыш кітапхананың белсенді оқырмандары, яғни Ө.Сахипов атындағы орта мектебінің оқушылары Ақерке Дауылбай, Дастан Ерсай, Инабат Абат таныстырып, «Аяз би» ертегісінен қысқаша көрініс көрсетті. Сонан соң Өнеге бөлімше кітапханасының кітапханашысы Динара Еркеғұлова дәстүрлі емес көрмені таныстырып, шараға келген оқушылармен танымдық мақсатта ойындар ойнатып, кәмпиттер таратты. Күйгенкөл ауылдық модельді кітапханасының белсенді оқырманы Кәусар Бисен әдемі әнмен шараны қорытындылады.
Жыл соңына дейін Тау ауылдық модельді кітапханасы «Бәрі шоколадтай болады», Қамысты ауылдық модельді кітапханасы «Тәтті торт кітабы», Ақоба ауылдық кітапханасы «Менің арманымдағы пешене», Талов ауылдық кітапханасы «Бәліштер әлеміне саяхат», Ұзынкөл ауылдық кітапханасы «Шығыстың тіл үйірер тәттілері», Жәнібек аудандық модельді балалар кітапханасы «Көкөністер әрқашан да маңызды, әрқашан да қажет!», Борсы ауылдық кітапханасы «Қазақтың дархан дастарханы», Жақсыбай ауылдық кітапханасы «Жүзімді кітаптардың дәмін тат» атты тәтті көрмелерін әзірлеп, назарға ұсынатын болады.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz