8.04.2022, 9:00
Оқылды: 91

«Абай оқулары» – Жәнібекте

Жәнібек ауданындағы №1 мектеп-лицейінде аудандық Абай оқулары өтті. Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен байқау алты аталым бойынша ұйымдастырылды. Әр бөлімге бір оқушыдан қатысты.

277797014_2591805527622113_5701655406999051270_n

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымында оқушылар Абай өлеңдерін жатқа оқудан сынға түсті. Нәтижесінде ІІ орынды Ә.Әбдархманова (Е.Ниетқалиев атындағы орта мектеп) иеленсе, ІІІ орын Ж.Әмірханға (Тегісшіл негізгі орта мектебі) бұйырды.

«Абайдың қара сөздері» аталымында Абай қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқыған А. Ғаниятова (Ө.Сахипов атындағы орта мектеп) І орын, С. Максим (Ғ.Қараш атындағы орта мектеп) ІІ орын, Б. Замир (Е.Ниетқалиев атындағы орта мектеп) ІІІ орын алды.

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» аталымы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқып, топты жарған І орынды А.Талғат (Т.Жароков атындағы орта мектеп), ІІ орынды А. Мажитова (Е.Ниетқалиев атындағы орта мектеп) иеленді.

«Көңілім әнді ұғады» аталымында Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындаудан І орынға Ж.Каким (№1 мектеп-лицей), ІІ орынға А. Серік (Тегісшіл негізгі орта мектебі), ІІІ орынға А.Хамит (Ө.Сахипов атындағы орта мектеп) лайық деп танылды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымында оқушылар өздері шығарған өлеңдерін ұсынды. І орынға Д.Зейнолла (Е.Ниетқалиев атындағы орта мектеп), ІІ орынға С. Қанатова (Х.Халиуллин атындағы орта мектеп), ІІІ орынға Г.Қисақызы (А.Оразбаева атындағы негізгі орта мектеп) шықты. «Ұлылар әлемі» деп аталатын эссе жазу бөлімінде оқушылардың жазу қабілеті бағаланды. Бұл бөлімде топ жарған А.Серік (№1 мектеп-лицей) І орын, Э. Қитарова (Ө.Сахипов атындағы орта мектеп) ІІ орын, Қ.Еменғали (Ғ.Абдуллин атындағы орта мектеп) ІІІ орын иеленді.

Жеңімпаз оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.

Қ. Ғалиева,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале