10.04.2022, 9:20
Оқылды: 45

Көңілімізді желпінтіп тастады

Біз, бір топ ардагерлер, Казталов ауданының тумасымыз. Бүгінде Орал шаһарында тұрып жатырмыз. Осы жылдың басында облыс пен ауданымыздың кәсіпкер азаматтары қарияларға айта жүрер көмек-қолдау көрсетті. Олар бізді облыстық «Орал өңірі» газеті мен Казталов ауданының төл басылымы – «Ауыл айнасына» жаздырып, көңілімізді желпінтіп тастады.

81B5EBB3-AD67-49D4-B6EF-459D6DBF5ABE

Осындайда қай-қайдағы жайттар ойға оралады. Баяғыда біз Казталовқа жету үшін бір күн жүретін едік. Ал жауын-шашында, боранда талай жете алмай, жолда қалғанымызды біздің қатарластарымыз жақсы біледі.

Енді бүгінде сол Казталовқа тақтайдай жол сайрап жатыр. Ән сағатта жетесің! Енді қалып тұрғаны Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары. Шіркін, сол аймақтарға біздікіндей жол жетсе, жақсы болар еді. Олай қарай жол салынып жатқанын, облысымызда болып жатқан жаңалықтарды жоғарыда айтқан қос газеттен оқып отырамыз. Әйтеуір азаматтардың арқасында біз, ақсақалдар, Ақ Жайық өңіріндегі сүйінішті жаңалықтарды қос басылымнан оқыпбіліп, марқайып қаламыз ылғи. Осы арада мұндай қуанышқа кенелткен азаматтардың есім-сойларын атап көрсеткеніміз де орынды болар. Олар: Қайнолла Қасенов, (сонау бір жылдары біздің облысымызда аудан басқарған, қазір елордада тұрады), «Жайық Пресс» ЖШС-ның директоры Табылғали Сапаров, осы мекеменің менеджері Шәмшиден Мұқашев және Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева. Сіздерге Алла риза болып, еңбектеріңіз жана берсін!

Махамбет Әбілхатин,

Казталов ауданы жерлестер қауымдастығының төрағасы          

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале