8.04.2022, 23:42
Оқылды: 81

Жұма сайын такси тегін

Рамазан айы басталғалы Бәйтерек ауданы орталығындағы Жұбан молда мешіті біраз игі іске ұйытқы болды. Мешіттің наиб имамы Мақсат Рысшалиев жоқ-жітікке қолдау білдіру, жеткіншектер арасында сурет салу байқауын ұйымдастыру сияқты бірнеше бастаманы қолға алған-ды.

6592F529-17C1-4BF6-906B-9CF1CE33F798

Бұл іс жамағат тарапынан да қолдау тапты. Әсіресе әр жұма сайын ауылішілік тегін такси қызметін ұйымдастыру бастамасын қолдағандар көп болды.
Қазіргі таңда он шақты көлік пенеметныйлықтарды барам деген жеріне тегін жеткізуде.

7107E143-9BE0-40FD-B82E-B94CD6202DFD

-Рамазан – мейірімділік айы. Елге айлардың сұлтаны келгенін көрсету мақсатында және тұрғындардың бір-біріне деген бауырмалдық қасиетін арттыру үшін ауыл ішіне тегін такси қызметін ұйымдастырдық. Такси түсқайта 15:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жүретін болады,-дейді Жұбан молда мешітінің наиб имамы Мақсат Рысқалиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале