Кеше Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында 15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне арналған «Поэзия түні» атты жыр кеші өтті.
Кеште театр әртістері лирикалық бағытта жазатын бірқатар ақынның өлеңдерін оқып, ән де шырқады. Өздерінің сүйікті жырлары мен әндерін тыңдаған жастар қолдап, қошеметтеп отырды. Жарықшамдармен безендірілген сахна, домбыра мен гитара үні және махаббат тақырыбында оқылған диалогтар өзара үйлесім тауып, көрерменге жақсы әсер қалдырды.
Хадиша Бөкееваның 105 жылдығына орай ұйымдастырылған аталмыш жобаның ауторы, театрдың көркемдік жетекшісі Нұргүл Жұбатова сөз алып, кеш қонақтарына, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан әртістерге алғыс жаудырды.
Марлен Мәлікұлы,
zhaikpress.kz