Электр техникалық құрылғыларды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары:
Фото дереккөзі: volzskiy.leaderg.ru
- Электр сымдарының, электр аспаптары мен аппаратураларының ақаусыздығын, сондай-ақ розеткалардың, электр талсымдары мен электр шнурларының бүтіндігін және ақаусыздығын қадағалау қажет.
- Оқшаулағышы бұзылған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады.
- Электр сымдарын тораптарға байлауға, оларды бұрау арқылы қосуға, түсқағаздармен желімдеуге және жанғыш әрлеу элементтерімен жабуға тыйым салынады.
- Электр желісіне бір уақытта бірнеше ток тұтынушыларын (шамдарды, плиткаларды, үтіктерді және т.б.), әсіресе тройниктің көмегімен бір розеткаға қосуға тыйым салынады, өйткені электр сымдарының шамадан тыс жүктелуі және тұйықталуы мүмкін.
- Қыздыру аспаптарын қосқанға дейін жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарға орнатылуы тиіс.
- Қосылған аспаптарды, әсіресе жоғары температуралы қыздыру аспаптарын - электр шәйнектерін, су қайнатқыштарды, дәнекерлегіштерді және электр плиталарын қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
- Электр шамдары мен шырақтарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен жабуға тыйым салынады.
- Қосылған электр жылытқышты төсектің, басқа да жанғыш заттардың жанында түні бойы қалдыруға тыйым салынады.
Есіңізде болсын! Өртті сөндіруге қарағандаалдын алу оңайырақ!!!
Жаңақала ауданы ТЖБ