Теректі ауданындағы үлкен әкімдік залында аудан әкімі Тілек Габдушевтың төрағалығымен жиын өтті. Оған бөлім басшылары мен бірқатар мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері онлайн режимде қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – сенбілік ұйымдастыру. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль тасымалы бөлімінің басшысы Қайрат Досанов сенбілік күндері мен өту тәртібін түсіндірді.
Сенбілік 16 сәуір күні басталып, әр сенбі жалғасын табады.
Биыл аудан бойынша 1 500 тал егу жоспарлануда. Аудан басшысы әрбір округ әкімдеріне ағашты отырғызып қана қоймай, күтіп-баптауды да тапсырды.
Сондай-ақ, жол бойында орналасқан қоқыс полигондарының орнын жинау мен аялдама бойын тазартуды да ескертті.
Теректі ауылдық округі әкімі Әсет Әубәкіров барлық мекемелердің тазалық жүргізу орнын анықтап берді.
Балнұр Қанаева
Теректі ауданы
zhaikpress.kz