16.04.2022, 15:20
Оқылды: 78

Теректі ауданына 1 500 тал егу жоспарланған

Теректі ауданындағы үлкен әкімдік залында аудан әкімі Тілек Габдушевтың төрағалығымен жиын өтті. Оған бөлім басшылары мен бірқатар мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері онлайн режимде қатысты.

9EAFBB5F-A0E1-4B37-ACB9-C5508CDD2EB9

Күн тәртібіндегі басты мәселе – сенбілік ұйымдастыру. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль тасымалы бөлімінің басшысы Қайрат Досанов сенбілік күндері мен өту тәртібін түсіндірді.

7072764E-6464-413D-AF7D-F5239AE6DCCE

Сенбілік 16 сәуір күні басталып, әр сенбі жалғасын табады.

Биыл аудан бойынша 1 500 тал егу жоспарлануда. Аудан басшысы әрбір округ әкімдеріне ағашты отырғызып қана қоймай, күтіп-баптауды да тапсырды.

3DC5C3DE-C9AA-4ABA-B0B6-B6767B455685

Сондай-ақ, жол бойында орналасқан қоқыс полигондарының орнын  жинау мен аялдама бойын тазартуды да ескертті.

Теректі ауылдық округі әкімі Әсет Әубәкіров барлық мекемелердің тазалық жүргізу орнын анықтап берді.

Балнұр Қанаева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале