18.04.2022, 17:00
Оқылды: 38

Ыстық су беру уақытша тоқтатылады

«Жайықжылуқуат» АҚ жылу энергиясының тұтынушылары мен қала тұрғындарын хабардар етеді. Үстіміздегі жылдың 19.04. - 17.05. аралығында Орал қаласындағы жылу желілерін гидравликалық сынау жұмыстары жүргізіледі.

200605100649953a3658212i

Суреттің дереккөзі: inform.kz

2012 жылғы 10 ақпандағы №4 Жылу желілерін пайдалану нұсқаулығына сәйкес 2022-2023 ж.ж. жылыту маусымына жылу желілерін әзірлеу үшін тығыздыққа және беріктікке магистралдық желілерін 16 атм. дейінгі және кварталаралық желілерді 12 атм. дейінгі қысыммен сынау өткізіледі.
Тұтынушылар сынаулардың өтуі кезеңіне жылу пункттері мен басқару тораптарындағы ішкі жылумен, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін және желдетуді айыруға тиісті.
Сынаулар мерзіміне жылу желілерінің құбырлары өтетін және жылу құдықтары орналасқан жерлерде болуға және кез келген жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Сынаудан өткен жылу желілері ыстық су берілімімен бірге мерзімінен бұрын қосылады.
Құбырлар жарылып, жылу тасымалдағыштың жылыстауы анықталған жағдайда келесі телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз: 23-95-07, 23-79-57, ұялы: 8-747-162-27-47.

«Жайықжылуқуат» АҚ әкімшілігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале