Футболдан биылғы ел чемпионатының алтыншы тур кестесіне сәйкес өткен сенбіде Оралдың «Ақжайығы» елордалық «Астананы» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 27-минутында бұрыштамадан берілген допты біздің команданың құрамындағы украиналық легионер Максим Каленчук (№9) баспен соғып, голға айналдырды. Осы жеңістің арқасында «Ақжайық» 7 ұпаймен 11-орыннан тоғызыншы орынға көтерілді.
Жадыңызда жаңғырта кетейік, өткен турда «Атырауға» қонаққа барған оралдық аяқдопшылар жеңіспен оралған болатын (0:1).
23 сәуір күні Қарағандыда «Шахтермен» ойнайтын «Ақжайық» 27 сәуірде өз алаңында Керекудің «Ақсуын» қабылдайды.
zhaikpress.kz